21.10.2022
2022 жылдың 20 қазаны «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде «Сан ғасырлық тарихы бар - Қазақстан» интерактивті іс-шарасы өткізілді. Шараға Петропавл қаласының М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенттері мен Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Балаларға еліміздің тәуелсіздікке басқан алғашқы қадамдары саналатын ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Жарғысы бойынша 1990 жылдың 25 қазаны күні ҚазССР тәуелсіздігі туралы Декларациясының қабылдануы жайында айтылды. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі принциптері: унитарлы мемлекет болу, бірлік және территорияның тұтастығы. Сонымен қатар мәдениет, дәстүр, қазақ және Қазақстан халқының тілдерін дамытып, қайта жаңғырту бойынша мақсат қойылды. 18 ғасырда ел мемлекеттілігінің бастауында Ұлы Абылай хан тұрды. Петропавл қаласының өнер колледжінің «Актерлік және хореографиялық өнер» мамандығының студенттері Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық сұрақтарды шешу туралы қойылым көрсетті.